«Қай бауырың табыскер болса, бәрі соның үстіне мініп алады»: Дариға Бадықова тосын пікір айтты

«Қай бауырың табыскер болса, бәрі соның үстіне мініп алады»: Дариға Бадықова тосын пікір айтты

Актриса әрі кинопродюсер Дариға Бадықова «Ревью» бағдарламасына берген сұхбатында туыстық қарым-қатынас туралы жаңа фильм түсіріп жатқанын мәлімдеді. «Ыстық ұя» деп аталатын бұл туындыда бауырлар арасындағы байланыс, ішкі жан әлеміндегі күйзеліс пен сенім, отбасылық жауапкершілік мәселелері кеңінен қозғалады.

Бадықованың айтуынша, қазақ қоғамында жиі кездесетін бір әлеуметтік шындық — табыскер бауырға барлық туыстың арқа сүйеуі.

«Бізде қазақта қай бауыр мықтырақ, қай бауыр несібесін сырттан теріп жейтін, қай бауыр табыскер болса, сол бауырдың үстіне бәрі мініп алады. Ол бауыр шынында қиналып табады, оның бір күйзелісі болады, ол қатарының алды болғысы келеді. Соны түсінгісі келмейтін бауырлар бар, ата-аналар бар. Бұл кинода сол нәрсе көрсетіледі», – деді актриса.