Үш дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбайдың әкесі ел күтпеген шешім қабылдады

Үш дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбайдың әкесі ел күтпеген шешім қабылдады

фото: Нұрғали Жұмағазы, Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Суретте: Назым Қызайбай

Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны Назым Қызайбай балалық шағынан қалған бір естелігін бөлісті, деп хабарлайды Sportinside.kz.

"Мен бала кезімнен спортты жақсы көрдім. Әрдайым қозғалыста, жүгіріп жүретінбіз. Әкем біз бесеуімізге "өскенде кім боласыңдар?" деп айтатын. Бірімізді дәрігер, бірімізді мұғалім етеді, ал маған "заңгер боласың, адвокат атанасың" дейтін. Бірақ мен өзімді спорттан тыс елестете алмадым. Егер бокс болмағанда, бәрібір басқа бір спорт түрін таңдар едім, өйткені спорттың кез келгені маған ұнайды", – деді Назым.

Айта кетейік, Назым Қызайбай қазір Қазақстан тарихындағы ең атақты әйел боксшы саналады. Оның еншісінде 2024 жылы Парижде өткен Олимпиада ойындарының қола медалі бар. Сондай-ақ ол – үш дүркін әлем чемпионы, 2021 жылғы Азия чемпионы және Қазақстанның бірнеше мәрте чемпионы.