Шерзат сотын журналистер, блогерлер бара алмасын деп әдейі Талдықорғанда өткізді ме? (видео)

Шерзат сотын журналистер, блогерлер бара алмасын деп әдейі Талдықорғанда өткізді ме? (видео)

фото: Orda.kz

Adal ADAM youtube арнасына Шерзат Полат ісінде жәбірленуші жақтың мүддесін қорғаған адвокат Мейірман Шекеев сұхбат берді. Ол қоғамдық резонанс тудырған істің жай-жапсары, халыққа берер сабағы, жалған куәлік берген адамдардың әрі қарайғы тағдыры, Айтбек Амангелді мен жәбірленуші тарап арасындағы келіспеушілік, хайп ұстаған адвокаттың әрекеті, Талғар жеріндегі үкімнен кейінгі Шерзат Полаттың отбасындағы жағдай туралы әңгіме өрбітті.