фото: kznews.kz коллажы
Танымал әнші Роза Әлқожа марқұм Оразалы мен Ажардың балаларына айрықша құрмет көрсетіп, көпшіліктің ықыласына бөленді, деп хабарлайды kznews.kz.
Өнер иесі әсерлі сәтті әлеуметтік желідегі парақшасында жариялап, жүрекжарды тілегін жеткізген. Тараған бейнежазбада Роза Әлқожаның Оразалы мен Ажардан қалған ұл-қызды құшақтап, маңдайынан иіскеп, мейірім танытып тұрғанын көруге болады.
Бұл әрекет желі қолданушыларының ерекше ықыласын тудырды. Көпшілік мұны үлкен адамгершілік пен адалдықтың белгісі деп бағалап, жылы пікірлерін жарыса жазды. Сондай-ақ жұрт Оразалының ұлы әкесіне қатты ұқсайтынын атап өтіп, Роза Әлқожаның жылдар бойы марқұм досының балаларын назардан тыс қалдырмай, қамқорлық танытып келе жатқанына алғыс білдірді.
Пікірлер арасында: "Ұлы әкесінен айнымайды, Алла ұзақ ғұмыр берсін", "Розаның адалдығы байқалып тұр, шын достық деген осы", "Орнында бар оңалар, балаларының ғұмыры ұзақ болсын", "Оразалының күлкісі, жүрісі – бәрі баласында қалған екен", – деген жылы лебіздер көбейді.