Күтпеген жаңалық! Головкин туралы танымал журналист шұғыл мәлімдеме жасады

Күтпеген жаңалық! Головкин туралы танымал журналист шұғыл мәлімдеме жасады

фото: olympic.kz. Суретте: Геннадий Головкин

Boxingscene.com сайтының журналисі Эрик Раскин жыл қорытындысын жасап, соның ішінде ерекше номинациялар бойынша да пікір білдірді, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Журналистің "Ең жүйкеге тиетін келбет" атты номинациясына қатысты жазбасында қызық әрі даулы пікір айтылған.

"2024 жылы бұл "мәртебеге" Ролли Ромеро тоғызыншы рет қатарынан ие болды. Алайда менің ойымша, мамыр айында Ромеро Райан Гарсиядан сенсациялық түрде жеңілген сәтте бұл атақты да соған "табыстады". Ал бірнеше ай өткен соң Гарсия Геннадий Головкинді Халықаралық бокс даңқ залына лайық емес деп мәлімдегенде, өзін шын мәнінде "бетке соққы алуға әбден лайық адам" ретінде толықтай дәлелдеді", – деп жазады Раскин.

Айта кетейік, желтоқсан айында қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің Халықаралық бокс даңқ залына қабылданатыны белгілі болды. Салтанатты рәсім 2026 жылдың маусым айында өтеді.