фото: Спортты дамыту дирекциясы. Суретте: Сәкен Бибосынов
Қазақ боксшысы Сәкен Бибосынов пен каратэші Әсел Қанай әлем чемпионаттарындағы жоғары жетістіктері үшін автокөлікпен марапатталды, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Жаңа жыл қарсаңында Түркістан қаласында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров әлем чемпиондары мен жүлдегерлерін қабылдап, оларға жаңа автокөліктердің кілтін табыстады.
Құрметті марапаттарға бокстан екі дүркін әлем чемпионы Сәкен Бибосынов пен каратэден әлем чемпионатының қола жүлдегері Әсел Қанай ие болды.
Еске сала кетейік, бокстан әлем чемпионатының финалында Сәкен Бибосынов төрешілердің шешімімен ресейлік боксшы Вячеслав Рогозинді жеңіп, алтын медаль еншілеген болатын.