"Жаңа жылда айтатын өсек дайын": Тұрсынбектің екінші әйелі елді елең еткізетін хабарын айтты

"Жаңа жылда айтатын өсек дайын": Тұрсынбектің екінші әйелі елді елең еткізетін хабарын айтты

фото: ашық дереккөзден

Әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жеке өмірі тағы да әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Бұл жолы оның екінші жары Айман Instagram желісінде жариялаған стористерімен көпшіліктің назарын аударды.

Желіде тараған кадрларда отбасы мүшелерімен түскен жылы сәттермен қатар, астарлы әрі ойландыратын жазбалар да бар. Айманның:

"Бомбаның көкесін ертең саламын, жаңа жылға қонаққа барғанда айтатын өсек дайын" деген жазбасы оқырман арасында түрлі болжам тудырды.

Артынша жарияланған тағы бір стористе ол әзілге сүйеніп:

"Таңертеңнен бомба деп асықтыңыздар, ұйықтамағансыздар ма?" – деп жазған.

Бұл жазбалар желі қолданушыларының қызығушылығын арттырып, Қабатовтың отбасылық өміріне қатысты сан түрлі пікірдің тууына себеп болды.

Admin
Admin
Автор