фото: pixabay.com
Қазір көптеген қазақстандықтар пәтер алу мәселесіне бас қатырып жүр. Үй бағасы шарықтап бара жатыр, ал доллар бағамы өсуде. Бірақ баспана – қажет. Ендеше, дәл қазір үй сатып алу қаншалықты орынды?
Қаржы кеңесшісі Аман Әлімбаевтың пікірінше, нарықта әзірге күрт өзгерістер жоқ, сондықтан жеке тұру үшін баспана сатып алуды кешіктірмеген жөн.
"Бағалар шарықтап кеткен жоқ. Егер пәтерді өзіңізге алғыңыз келсе – күтудің қажеті жоқ. Болашақта арзандайды деген үміт – бос қиял", – дейді ол.
📈 Шынында да, жылжымайтын мүлік бағасы жоғары. Бірақ сарапшының айтуынша, жалақылар да біртіндеп өсіп келеді, әсіресе доллармен есептегенде. Осылайша, үйдің қолжетімділігі соңғы 10-15 жылмен салыстырғанда аса өзгермеген.
🏠 Жалға беру мақсатында сатып алатындар үшін кеңесші аздап күте тұруға болады дейді. Себебі жалдау табысы қазір аса жоғары емес.
💰 Ипотека туралы не білу керек?
Әлімбаевтың айтуынша, мысалы, "Отбасы банкі" ұсынатын 5% ипотека бар. Алайда бұл ұсыныстың ерекшелігі – бастапқы жарна ретінде үй құнының 50%-ын төлеу қажет. Қалған бөлігіне 5% үстеме қосылады. Бұл шамамен 10% тиімді мөлшерлеме деген сөз. Ал қазіргі инфляция деңгейі де 10%-ға жуық.
"Яғни, бұл – пайызсыз бөліп төлеумен тең", – дейді сарапшы.