"Дубайда істейді": Сәкен Майғазиевтің келіні қайда және кім болып жұмыс істейді? (ВИДЕО)

"Дубайда істейді": Сәкен Майғазиевтің келіні қайда және кім болып жұмыс істейді? (ВИДЕО)

фото: Stan.kz. Суретте: Сәкен Майғазиев, келіні Әдия, ұлы Әділет

Жеке бренд тақырыбында контент жасайтын Instagram қолданушысы Динара Мырзажанқызы әнші Сәкен Майғазиевтің келіні Әдияның кәсібі туралы мәліметпен бөлісті. Бұл туралы kznews.kz хабарлайды.

Динара Мырзажанқызы өз жазбасында жуырда Сәкен Майғазиевтің үлкен ұлы Әділеттің үйлену тойы кең көлемде өткенін еске салды. Оның айтуынша, 27 жастағы Әділеттің жары – 20 жастағы Әдия, ол Ақтауда туған, Жаңаөзеннен шыққан.

Контент авторы келіннің әлеуметтік желідегі парақшасын саралай келе, оның эстетикаға, сұлулық пен нәзік визуалға мән беретінін атап өтті.

"Жақында Сәкен Майғазиев үлкен ұлының тойын дүркіретіп өткізді. Баласы Әділет – 27 жаста, келіні Әдия – 20 жаста. Ол Ақтаудың тумасы, Жаңаөзеннің қызы. Енді Әдия немен айналысады деген сұрақ туындайды. Парақшасына кіргенде эстетикаға, әдемі контентке қызығатыны байқалады. Ал кәсібіне келсек, ол Дубайдан абайя үлгісіндегі киімдерді алып келіп, Қазақстанда сатумен айналысады", – деп жазды Динара Мырзажанқызы.

Видеоның соңында ол Әдияның жеке және жұмысқа арналған парақшаларына шолу жасап, контент стилі мен визуалдық шешімдеріне қысқаша талдау ұсынған. Аталған жазба жеке бренд пен кәсіпті дамытуға арналған авторлық контент аясында жарияланған.

Admin
Admin
Автор