"Қайраттың" қаһарманы Темірлан Анарбековке қатысты ел күтпеген жаңалық тарап жатыр

"Қайраттың" қаһарманы Темірлан Анарбековке қатысты ел күтпеген жаңалық тарап жатыр

фото: ашық дереккөзден. Суретте: Темірлан Анарбеков

Қазақстан чемпионы атанған алматылық "Қайрат" қыста негізгі қақпашысы Темірлан Анарбековты командадан жіберуді жоспарлап отырған жоқ, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Шетелдік клубтардың қызығушылығына қарамастан, 2025 жылғы маусымның үздік қақпашысына қатысты әзірге нақты трансферлік ұсыныстар түспеген. Дереккөздердің мәліметінше, тіпті ұсыныс болған күннің өзінде клуб басшылығы негізгі ойыншысын сатуға келісе қоюы екіталай.

Өткен маусымда Темірлан Анарбеков "Қайраттың" шешуші ойыншыларының бірі атанып, қақпа сызығында тұрақты әрі сенімді ойын көрсетті. Оның бұл көрсеткіші алматылық клубтың Қазақстан чемпионы атағын сақтап қалуына айтарлықтай үлес қосты.