"Маскадағы жігіттің" кім екені белгілі болды? (ФОТО)

"Маскадағы жігіттің" кім екені белгілі болды? (ФОТО)

фото: ашық дереккөзден

Қоғам белсендісі Азамат Ерғали әлеуметтік желідегі жазбасымен көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды kznews.kz.

Белсенді соңғы уақытта мұқтаж жандарға қомақты қаржылай көмек көрсетіп жүрген құпия тұлға – "Маскадағы адам" жайлы өз болжамын ортаға салды. Оның пікірінше, бұл қайырымды жан көпшілікке жақсы таныс өнер иесі болуы мүмкін.

"Меніңше, "Маскадағы адам" – біздің Димаш Құдайберген сияқты. Ал сіздер қалай ойлайсыздар?" – деп жазды Азамат Ерғали.

Бұл пікір әлеуметтік желіде бірден қызу талқыға түсті. Кейбір қолданушылар белсендінің болжамын қолдап, "шынымен Димаш болуы мүмкін" десе, енді біреулері бұл елге беймәлім меценат немесе танымал кәсіпкер болуы ықтимал деген өзге нұсқаларды алға тартты.

Қазіргі таңда "Маскадағы адамның" нақты кім екені ресми түрде расталған жоқ. Дегенмен, әлеуметтік желі қолданушылары қайырымды істің артында тұрған тұлғаны анықтауға тырысып, түрлі жорамалдар мен пікірлерін белсенді түрде жазуды жалғастырып жатыр.

Admin
Admin
Автор