Мәжіліс депутаты әрі қоғам белсендісі Дәулет Мұқаев келесі айда өтетін дәстүрлі тұсаукесер рәсімі туралы жариялап, әлеуметтік желіде ерекше жарнама жасады.
«Stories-те жарнама бере сала менеджерге жазып, тіркеліп үлгеру керек. Бір жарнама бергенде 10-12 минут ішінде 50-60 баланың тізімі толып қалады. Содан кейін жарнама өшеді, менеджердің байланыс нөмірлері де өшеді», – дейді депутат.
Мұқаев тұсау кесу рәсіміне ешқандай ақы алмайтынын да атап өтті. Оның бұл қадамы халық арасында ерекше ықыласқа ие болып келеді. Ол бірнеше жыл қатарынан көп балалы отбасылар мен әлеуметтік аз қамтылған жандардың балаларына тұсау кесіп, бұл дәстүрді жалғастырып жүр.