Ұлттық құрама 2028 жылғы Олимпиада алдында ел күтпеген қадамға барғалы отыр

Ұлттық құрама 2028 жылғы Олимпиада алдында ел күтпеген қадамға барғалы отыр

фото: Ақорда

Қазақстан бокс федерациясының бас хатшысы Мерей Ақшалов ұлттық құраманың боксшылары 2028 жылғы Олимпиадаға дайындықты АҚШ аумағында өткізетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sportinside.kz.

"Биыл АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында оқу-жаттығу жиындары өтті. Оған төрт боксшымыз қатысып, бір жарым ай бойы Астанада өткен Әлем кубогына дайындалды. Алдағы уақытта мұндай жиындар Америкада жүйелі түрде ұйымдастырылады. Себебі 2028 жылы Олимпиада ойындары дәл сол елде өтеді. Сондықтан спортшыларымызды сол жаққа жібереміз", – деді Мерей Ақшалов.

Айта кетейік, Олимпиада ойындары 2028 жылы 14-30 шілде аралығында Лос-Анджелесте өтеді. Ал ойындардағы бокс жарыстарын World Boxing ұйымы қадағалайды. Бұл құрылымға атақты боксшы Геннадий Головкин жетекшілік етеді.