Екі Олимпиадаға қатысқан қазақ балуаны ел біріншілігінде күтпеген әрекетке барды

Екі Олимпиадаға қатысқан қазақ балуаны ел біріншілігінде күтпеген әрекетке барды

фото: Сали Сабиров / ҰОК. Суретте: Әлішер Ерғали

Қарағандыда Кеңес Одағының Батыры Нұркен Әбдіровті еске алуға арналған республикалық күрес турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Кеше бұл дәстүрлі жарыста грек-рим күресіндегі бәсекелер мәресіне жетті. 130 келіге дейінгі салмақта алтын медаль үшін өткен финал жанкүйерлер мен мамандар үшін тосын нәтиже сыйлады. Қызылордалық Олжас Сырлыбайдың қарсыласы елдегі ең мықты еркін күрес шеберлерінің бірі, тараздық Әлішер Ерғали болды. Бұл – "классиктерге" кезекті рет шақыру тастаған танымал балуанның тағы бір талпынысы еді.

Алайда Жамбыл облысының өкілі үшін нәтиже Алматыда жуырда аяқталған Қазақстан чемпионатындағы финалмен бірдей болды. Ол кезде Әлішер Ерғали сенсациялық түрде шешуші белдесуге жеткенімен, Шымкенттен шыққан Джохар Узaровқа қарсы белдесуде күш-қуаты жетпей қалған еді.

Айта кетейік, бұдан бірнеше күн өткен соң Қазақстан біріншілігінің жарысында Әлішер Ерғали әдеттегідей еркін күресте белдесті. Бұл жолы да күтпеген жағдай орын алды: ол ұлттық құраманың бірінші нөмірі мәртебесін сақтай алмады. Жас та болса қарымды Едіге Қасымбек (Алматы облысы) Әлішер Ерғали жеңіп кетті.

Қысқасы, қазір Әлішер Ерғали үшін ел ішіндегі жарыстарда "күміс кезең" жалғасып жатқандай.