Ресейдегі ұлты қазақ, руы қыпшақ боксшы қызы ел күтпеген хабарды айтты

Ресейдегі ұлты қазақ, руы қыпшақ боксшы қызы ел күтпеген хабарды айтты

фото: ашық дереккөзден

Ресейдің әйелдер құрамасында өнер көрсететін этникалық қазақ қызы Салтанат Меденова IBA ұйымдастырған әлем чемпионатының (Дубай, БАӘ) финалында болған даулы жекпе-жекке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Финалда ресейлік Всеволод Шумков пен өзбекстандық Абдумалик Халоков кездескен болатын. Меденова IBA президенті Умар Кремлевтің Instagram парақшасындағы жазбасына пікір қалдырып, жекпе-жек нәтижесінің заңды екенін атап өтті.

"Бұл жекпе-жекте жеңіске Шумков жетті. Қарсы тарап та, Өзбекстан құрамасы да ешқандай наразылық білдірмеді. Демек, олар нәтиженің әділ екенін мойындады", – деп жазды Салтанат Меденова.

Еске сала кетейік, финалдық айқаста Шумков төрешілердің шешімімен жеңіске жетіп, 60 келіге дейінгі салмақта әлем чемпионы атанды. Алайда жекпе-жектен кейін оның қарсыласы Халоковты тістеп алғаны белгілі болды. Бұл жағдайды IBA комиссиясы қарастырып, жекпе-жек нәтижесін өзгеріссіз қалдырды.