Онлайн той өткізіп, миллиондап тапқан Сәкен Майғазиев қанша салық төлейді?

Онлайн той өткізіп, миллиондап тапқан Сәкен Майғазиев қанша салық төлейді?

Әнші Сәкен Майғазиевтің ұлының үйлену тойы тікелей эфирде көрсетілуі қоғам назарын аударып, салық мәселесін де туындатты. Осыған байланысты Қаржы министрі Мәди Такиев пікір білдіріп, табыс түссе — салық төлеу міндетті екенін еске салды.

Министрдің айтуынша, егер онлайн тойдан табыс түссе, Майғазиев 2025 жылдың соңында кірісін көрсетіп, 2026 жылдың 31 наурызына дейін жеке табыс салығына байланысты декларация тапсыруы қажет.

«2025 жыл аяқталған соң, 2026 жылдың 31 наурызына дейін декларация тапсыруы қажет. 2025 жылы алынған кірістері бойынша салық төленеді. Ол кісінің 2025 жылы нақты қанша табатынын білмеймін», – деді Мәди Такиев.