фото: Ueslei Marcelino - Pool/Getty Images. Суретте: Сәкен Бибосынов
Ресей құрамасының боксшысы Всеволод Рогозин егер финалдық жекпе-жекті қайта өткізу мүмкіндігі болса, Сәкен Бибосыновқа қарсы тактикасын қалай өзгертерін айтты, деп Sportinside.kz тілшісі RT сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Айта кетейік, Дубайда (БАӘ) өткен әлем чемпионатының финалында 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Сәкен Бибосынов Всеволод Рогозинді төрешілердің шешімімен жеңген болатын.
Рогозиннің айтуынша, ол жекпе-жекте тактикалық қателік жіберген.
"Өте сақ әрекет етер едім. Үшінші раундта бар күшімді салып, тоқтаусыз соққы жасадым. Ал басынан бастап-ақ қысым жасап, үздіксіз шабуылдау керек еді. Сонда ол міндетті түрде сыр берер еді, өйткені кез келген қарсыласты сындыруға болады. Алғашқы раундта бастаманы өз қолымда ұстап тұрғанымды сезіп, бір сәт босаңсып кеттім. Ал керісінше, алға ұмтылып, Бибосыновты жою керек еді", – деді ресейлік боксшы.