Головкиннің таңдауы кімге түсті? Махмұд Сабырхан биыл әлемнің үздік боксшысы атанғалы жатыр

Головкиннің таңдауы кімге түсті? Махмұд Сабырхан биыл әлемнің үздік боксшысы атанғалы жатыр

фото: Ben Roberts Photo/Getty Images. Суретте: Махмұд Сабырхан

Қазақ боксшысы Махмұд Сабырхан World Boxing ұйымы тағайындайтын "Жылдың үздік боксшысы" атағына үміткерлер қатарына енді, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Махмұд Сабырхан аталған номинация бойынша жыл қорытындысындағы ең үздіктердің бірі ретінде ұсынылды.

2025 жылы қазақ боксшысы Англияның Ливерпуль қаласында өткен World Boxing әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. Ол 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, турнир барысында мексикалық Брайан Ортисті, Косово өкілі Башким Байокуды, жапон боксшысы Руи Ямагутіні, қытайлық Лю Чуанды және испаниялық Рафаэль Лосаноны жеңді.

Айта кетейік, 2025 жылғы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы (ерлер мен әйелдер) жалпы есепте жеті алтын медаль иеленіп, командалық медаль кестесінде бірінші орын алды.