"Ақтөбенің" жейдесін киіп алған": Темірлан Анарбековке "Қайрат" жанкүйерлері шүйлікті (ВИДЕО)

"Ақтөбенің" жейдесін киіп алған": Темірлан Анарбековке "Қайрат" жанкүйерлері шүйлікті (ВИДЕО)

фото: ашық дереккөзден

Қазақстан ұлттық құрамасының және "Қайрат" клубының қақпашысы Темірлан Анарбеков жас футболшыларды қуантты, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Instagram желісінде Инабат Есеналиева есімді қолданушы футболшының балаларға арнайы келген сәтін жариялады. Видеода Анарбеков жас ойыншылармен кездесіп, олардың сұрақтарына жауап беріп, қолтаңба таратқаны көрінеді. Кадрларға қарағанда, видеодағы балалар – жасөспірімдер футбол командасының мүшелері, ал жазбаның авторы олардың жаттықтырушысы болуы мүмкін.

Танымал қақпашы балалардың жейделеріне қолтаңба қойып, олардың қызықты сұрақтарына ықыласпен жауап берген. Кездесу барысында бір қызықты жағдай да орын алды. Балалардың бірі "Ақтөбе" клубының жейдесін киіп келген. Сол сәтте балалар бұл жағдай "Қайрат" ойыншысы үшін ыңғайсыз емес пе деп сұрағанда, Анарбеков оған ешқандай мәселе жоқ екенін айтып, бәрін күлдірді.

Айта кетейік, 22 жастағы Темірлан Анарбеков биылғы еурокубок маусымында "Қайрат" сапында алты матч өткізді. "Олимпиакос" клубына қарсы ойында ол Чемпиондар лигасында матчтың үздік ойыншысы атанған алғашқы қазақ футболшысы ретінде тарихқа енді. Сонымен қатар, оның сейвтері Чемпиондар лигасының ең үздік құтқарулар тізіміне енген.