Шавкат Рахмоновтың мансабындағы ең үлкен жекпе-жектің қашан өтетіні мәлім болды

Шавкат Рахмоновтың мансабындағы ең үлкен жекпе-жектің қашан өтетіні мәлім болды

фото: ашық дереккөзден

Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері Айдар Махметов UFC-де өнер көрсететін қазақ файтері Шавкат Рахмонов октагонға қайта оралғаннан кейін тағы бір рейтингтік жекпе-жек өткізеді деп есептейді. Ал сол кездесуде жеңіске жетсе, мансабындағы ең ықтимал әрі ірі қадам – UFC чемпионы Ислам Махачевпен айқас болмақ. Оның айтуынша, бұл жекпе-жек 2026 жылдың соңына таман өтуі мүмкін, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Айдар Махметов Шавкат Рахмоновтың алдағы мансабына қатысты сценарийді былай сипаттады:

"Ең ықтимал нұсқа – Шавкаттың тағы бір жекпе-жек өткізуі. Ол Моралес, Делла Мадалена, Пратес немесе UFC солай шешсе, Белалмен шығуы мүмкін. Бірақ Белал – аса қызық қарсылас емес және чемпион ретінде де көрерменді ерекше тартқан жоқ. Егер Шавкат бұл кездесуде жеңіске жетсе, келесі қадам ретінде Ислам Махачевпен айқасуы әбден мүмкін. Мен бұл сценарийді 2026 жылдың соңына қарай ең шынайы нұсқа деп есептеймін", – деді ол.

Айта кетейік, жартылай орта салмақта өнер көрсететін қазақ файтері Шавкат Рахмоновтың көрсеткіші мінсіз: 19 жеңіс, 0 жеңіліс. Қазіргі таңда ол UFC-дің жартылай орта салмақ рейтингінде екінші орында тұр.

Шавкат Рахмонов соңғы жекпе-жегін 2024 жылдың 7 желтоқсанында UFC 310 турнирінде ирландиялық Иэн Мачадо Гэрриге қарсы өткізді. Бұл кездесуде қазақ файтері төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен (48-47) жеңіске жетіп, Гарридің кәсіби мансабындағы алғашқы жеңілісіне себеп болды.