Қаралы хабар! Елге танымал Халық әртісі 67 жасында дүниеден озды (ФОТО)

Қаралы хабар! Елге танымал Халық әртісі 67 жасында дүниеден озды (ФОТО)

фото: pixabay.com

Бүгін 67 жасында театр және кино өнерінің көрнекті өкілі, Ресей Федерациясының халық әртісі Анатолий Лобоцкий дүниеден өтті. Бұл туралы марқұмның отбасы ТАСС агенттігіне хабарлаған.

Қазаның ресми себебі әзірге жарияланған жоқ. Дегенмен соңғы жылдары актер ауыр дертпен күрескені белгілі: 2023-2024 жылдары оған өкпе обыры диагнозы қойылып, органның бір бөлігі алынып тасталған. Ал 2025 жылдың күзінде БАҚ-та аурудың қайта асқынып, ісіктің жылдам тарағаны туралы ақпарат шыққан еді.

Анатолий Лобоцкий 1985 жылдан бері Мәскеу академиялық театры имени Вл. Маяковского сахнасында қызмет етіп, ондаған жарқын рөл сомдады. Кең танымалдық оған Владимир Меньшовтың "Зависть богов" (2000) мелодрамасындағы француз тілмашы Андрэ бейнесі арқылы келді. Осы рөлі үшін ол "Виват, кино России!" фестивалінің жүлдесіне ие болды.

Кинодағы және телехикаялардағы өзге де елеулі еңбектерінің қатарында "На углу, у Патриарших" сериалындағы полковник Анатолий Одинцов (барлық маусымдар), сондай-ақ "Старая гвардия", "Абонемент на расследование", "Чудо-доктор", "Молодёжка" жобалары бар.

Admin
Admin
Автор