"Ешкімге қызық емес, осымен бәрі бітті": Жәнібек Әлімханұлының мансабы аяқталды ма?

"Ешкімге қызық емес, осымен бәрі бітті": Жәнібек Әлімханұлының мансабы аяқталды ма?

фото: Mikey Williams/Top Rank Inc via Getty Images. Суретте: Жәнібек Әлімханұлы

Broadway Joel атты танымал YouTube-арнаның авторы қазақ боксшысы Жәнібек Әлімханұлының болашағына қатысты күмәнді пікір білдірді, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Бокс шолушысының айтуынша, соңғы допинг дауына байланысты жағдай Әлімханұлының кәсіби мансабына елеулі соққы болуы мүмкін. Сарапшы Жәнібектің онсыз да аса кең танымал болмағанын, ал қазіргі жағдай оның беделін одан әрі әлсіреткенін алға тартады.

"Жәнібек бұрыннан супер жұлдыз деңгейінде болған жоқ. Енді екі чемпиондық белбеуден айырылу қаупі тұр. Егер ол кезінде Эрисланди Лараны жеңгенде, бәрі басқаша өрбуі мүмкін еді. Орта салмақта абсолютті әлем чемпионы болу үшін Карлос Адамеспен, одан кейін тіпті Теренс Кроуфордпен жекпе-жекке шығу мүмкіндігі туар еді. Ал қазір ол ешкімге қызық емес. Титулы жоқ, үстіне дау ілескен боксшының жекпе-жегіне кім ақша төлейді?" – дейді ол.