Өзбекстанның намысын қорғап жүрген ұлты қазақ боксшымыз өзінің руын айтты (ВИДЕО)

Өзбекстанның намысын қорғап жүрген ұлты қазақ боксшымыз өзінің руын айтты (ВИДЕО)

фото: Boxing Uzbekistan. Суретте: Арман Маханов

Өзбекстанның бокс құрамасында өнер көрсетіп жүрген этникалық қазақ Арман Маханов өзі туралы және бокстағы жолының басталуы жөнінде әңгімеледі, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Боксшының айтуынша, ол Ташкент облысына қарасты Шыршық қаласында тұрады. Арман Маханов өзінің руы – Орта жүзге жататын қыпшақ екенін атап өтті. Боксқа алғаш рет бапкері Нұрсұлтан Бурихановтың жетелеуімен келген. Бұл спорт түрімен 13 жылдан бері тұрақты түрде айналысып келеді.

Жетістіктеріне тоқталған спортшы ересектер арасындағы нәтижелерін де атап өтті. Оның сөзінше, өткен жылы Өзбекстан чемпионатында күміс жүлде иеленген, Азия чемпионатында қола медаль алған. Ал Дубайда өткен IBA әлем чемпионатында финалға дейін жетіп, күміс жүлдеге қол жеткізген.

"Алдағы мақсатым – бұдан да биік белестерді бағындыру. Бұл жетістіктермен тоқтап қалғым келмейд", – деді Арман Маханов.