фото: instagram.com/gggboxing. Суретте: Геннадий Головкин
Халықаралық World Boxing ұйымы жаңа басшылық құрамды тағайындады, деп хабарлайды Sportinside.kz.
World Boxing ұйымының Спортшылар комитетінің төрайымы болып Кейтлин Паркер тағайындалды. Ол 2025 жылы өткен World Boxing әлем чемпионатында комитет құрамына қайта сайланғаннан кейін осы қызметке бекітілді. Айта кетейік, Паркер – Парижде өткен Олимпиада ойындарында қола жүлде жеңіп алып, олимпиадалық медаль иеленген алғашқы австралиялық боксшы.
Ал Ричард Торрес кіші World Boxing Спортшылар комитетінің төраға орынбасары болып тағайындалды. АҚШ өкілі 2020 жылғы Олимпиада ойындарында күміс медаль жеңіп алғаннан кейін кәсіпқой боксқа ауысқан. Аса ауыр салмақта өнер көрсететін боксшы жуырда өткен сайлауда комитет құрамына қайта өтіп, кейін әріптестерінің дауыс беруі арқылы вице-төраға қызметіне сайланды.
Еске салайық, World Boxing ұйымының президенті – қазақ боксының аңызы Геннадий Головкин. Ол бұл қызметке биылғы қараша айында өткен сайлау қорытындысы бойынша тағайындалған болатын.