Журналист Гүлжан Ерғалиева Айсұлтан Назарбаевтың шығу тегі туралы көпшілікке бұрын белгісіз болып келген мәліметтерді жария етті, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Ерғалиеваның айтуынша, өзіне белгілі дереккөздер арқылы Айсұлтан Назарбаевтың Дариға Назарбаевадан емес, басқа әйелден туғаны жөнінде ақпарат белгілі болған. Журналист бұл әйелдің аты-жөні көп жағдайда атала бермейтінін, тек оның өмірден өткені жайлы мәлімет бар екенін атап өтті.
Осы деректер Нұрсұлтан Назарбаевтың Рахат Әлиевпен де, сондай-ақ билікке ерекше ықпал еткен үлкен қызымен де не себепті тіл табыса алмағанын түсінуге мүмкіндік береді деген пікір айтылады.
Айсұлтан Назарбаевтың өзі де бұл тақырыпқа қатысты бір сөзінде астарлы пікір білдірген. Ол:
"Мен оның ұлы болғаным үшін, анам атамды ілгекке іліп ұстап отырды", – деген.
Гүлжан Ерғалиеваның пайымдауынша, дәл осы жағдай Дариға Назарбаева мен Рахат Әлиевтің сол кезеңде мемлекет басшысына неге соншалықты ықпал еткенін түсіндіреді. Сондай-ақ олардың президенттік билікті өздеріне заңды түрде тиесілі деп қабылдауына да осы жайт себеп болған.
Журналист бұл үдерістердің барлығы қоғам көз алдында өткенін және сол уақыттағы саяси ахуалды жұртшылықтың өзі-ақ жақсы байқағанын атап өтті.