"3700 доллар тұрады": Ұлықпан Жолдасовтың гитарасын әуежайда сындырған (видео)

"3700 доллар тұрады": Ұлықпан Жолдасовтың гитарасын әуежайда сындырған (видео)

Әнші Ұлықпан Жолдасовтың қымбат гитарасы әуежайда багаж тиеу кезінде бүлінген. TikTok желісінде тараған видеода белгілі әншінің көңілі түсіп, аспабының сынды екенін көрген сәті көптің жанын ауыртты. Желі қолданушылары бұл жағдайға түрлі пікір қалдырып, бірі шын жанашырлық білдірсе, енді бірі әзілмен қабылдаған.

Ұлықпан ағамыздың өзі ешқандай наразылық білдірмей, жай ғана «Гитарам сынып қалды» деп сабырмен жеткізді. Алайда көпшілік бұл жай ғана аспап емес, өнер иесінің рухани серігі екенін жақсы түсінеді.

Әншінің айтуынша, сындырып алған гитарасы – америкалық үлгідегі, бағасы 3700 доллар тұратын кәсіби аспап. Музыкалық сапасы мен ерекшелігіне байланысты ол әншінің концерттік сапарларындағы басты құралдарының бірі болған.

Қазіргі таңда көпшілік гитара шығынын өтеу үшін әншіге қолдау білдіріп жатыр. Кейбір тыңдармандар арнайы концерт ұйымдастырып, жинаған қаржыны Ұлықпан ағамызға табыстауды да ұсынуда.