Күтпеген жаңалық! Олимпиада жүлдегері Нұрбек Оралбайға қатысты тосын хабар тарады

Күтпеген жаңалық! Олимпиада жүлдегері Нұрбек Оралбайға қатысты тосын хабар тарады

фото: Сали Сабиров / ҰОК. Суретте: Нұрбек Оралбай

Қазақстанның бокстан ұлттық құрамасында ауқымды өзгерістер күтіліп отыр. Команданың бас бапкері Қайрат Сәтжанов құрам ішіндегі салмақ дәрежелеріне байланысты қайта құрулар жоспарланғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Бапкердің айтуынша, ұлттық құраманың көшбасшыларының бірі, Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай алдағы уақытта салмақ дәрежесін ауыстырып, 85 келіге дейінгі дивизионда өнер көрсетуді көздеп отыр.

Ал 90 келіге дейінгі салмақта негізгі үміт әлі де Сағындық Тоғамбайға артылуда. Дегенмен, бапкерлер штабы бұл салмақта бәсекенің күшеюі мүмкін екенін атап өтті. Себебі Даулет Төлемісов те жоғары салмаққа ауысу мүмкіндігін қарастырып жүр.

Сонымен қатар суперауыр салмақ та назардан тыс қалған жоқ. 90 келіден жоғары санатта ұлттық құраманың басты үміті ретінде жас әрі болашағынан үлкен күтім бар боксшы Аслан Елдібайұлы аталып отыр.

Айта кетейік, бұған дейін Нұрбек Оралбай 80 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасып, 2024 жылғы Париж Олимпиадасында жүлдегер атанған. Сондай-ақ ол 2025 жылы Ливерпульде өткен World Boxing әлем чемпионатында ширек финалға дейін жеткен еді. Аталған турнирден кейін спортшы жарақат алып, біраз уақыт жарыстарға қатыса алмады.