Бірде-бір рет жеңілмеген абсолютті әлем чемпионы 38 жасында мансабын аяқтады

Бірде-бір рет жеңілмеген абсолютті әлем чемпионы 38 жасында мансабын аяқтады

фото: Al Bello/Getty Images. Суретте: Теренс Кроуфорд

Бокстан бұрынғы абсолютті әлем чемпионы, америкалық Теренс Кроуфорд кәсіби мансабын ресми түрде аяқтағанын жариялады. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Instagram желісіндегі парақшасында Кроуфорд рингтің арқандарына ілінген бокс қолғабын бейнелейтін символикалық сурет жариялады. Жазбада ол:

"Дәлелдейтін ештеңесі қалмаған ұлы боксшы ретінде кетіп барамын", – деп жазды.

Сонымен қатар, Теренс Кроуфорд өзінің YouTube-арнасында бейнежазба жариялап, бокстағы жолын қорытындылап, жеңіліссіз мансабын аяқтайтынын айтты.

Боксшының сөзінше, ол бұл спортқа бар ғұмырын арнаған:

"Мен бұл спортқа барымды бердім. Үздіктермен жұдырықтастым, салмақ дәрежелерін ауыстырып, тарихты өз шарттарыммен жаздым. Есеп – 42:0. Үш дүркін абсолютті әлем чемпионы. Бес салмақ дәрежесінде әлем чемпионы. Қысқа жолдар болған жоқ. Сылтау да болған емес. Бұл – бокспен қоштасу емес, алғыс айту. Отбасыма, командама, туған қалама және осы жолдың әр кезеңінде менімен бірге болған жанкүйерлерге алғысым шексіз. Бокс мені бүгінгі адам етіп қалыптастырды. Қолғабым шешілді, бірақ мұрам мәңгі қалады. Тарих ешқашан зейнетке шықпайды", – деді Кроуфорд.