фото: Тұрар Қазанғапов, ҰОК. Суретте: Сәкен Бибосынов
ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Назым Қызайбайды қос дүркін әлем чемпионы етіп тәрбиелеген белгілі маман Жұмабек Өмірзақов Сәкен Бибосыновтың Дубайда өткен әлем чемпионатындағы финалдық жекпе-жегінде төрешілік шешімдер әділ болмағанын айтты, деп Sportinside.kz тілшісі Beksports.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Оның айтуынша, финалда қабылданған бірқатар шешім бәсекенің нәтижесіне тікелей әсер еткен.
"Шындықты айтсақ, Сәкен финалда айқын жеңілген. Бірінші раундта нокдаун болды, бірақ рефери есеп ашпады. Бұл маған Кремлёвтің ұйымдастырған ашық "сценарийі" сияқты көрінді. Бірінші раундты ұтты деп берді, ал үшінші раундта ресейлік боксшы Сәкенді қатты қыспаққа алды. Соған қарамастан раунд Бибосыновқа жазылды. Бірінші раундтағы нокдаун есептелмеді, үшінші раундта ресейлікке нокдаун берілді. Оның не себепті берілгенін өзім де түсіне алмадым", – деді Өмірзақов.
Еске салайық, 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалда Сәкен Бибосынов ресейлік Владислав Рогозинмен кездескен. Бірінші раундта Рогозин 3:2 есебімен алға шыққанымен, жекпе-жектің қорытындысы қазақстандық боксшының пайдасына шешілген.