"Қазақтар екінші құрамымен жеңіп кетті": Өзбекстан мен Ресейде үлкен шу боп жатыр

"Қазақтар екінші құрамымен жеңіп кетті": Өзбекстан мен Ресейде үлкен шу боп жатыр

фото: ҰОК. Суретте: Оразбек Асылқұлов

Дубайда өткен IBA нұсқасындағы әлем чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Жалпыкомандалық есепте бірінші орынды Ресей жеңіп алды – 7 алтын, 5 күміс және 1 қола.

Екінші орынға Қазақстан табан тіреп, мықтылығын дәлелдеді. Құрама еншісінде – 3 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль.

Үшінші орынға Өзбекстан тұрақтады – 2 алтын, 4 күміс және 3 қола.

Ал Әзербайжан бір алтын және екі қола медальмен төртінші орыннан көрінді.

Жалпы, Дубай рингінде 16 елдің боксшылары жүлдегер атанды.

Айта кетейік, IBA ұйымдастырған бұл әлем чемпионатына Қазақстан World Boxing нұсқасындағы 2025 жылғы чемпионаттың бірде-бір чемпионын не жүлдегерін апармады. Ал Өзбекстан керісінше, өздерінің ең мықты, негізгі құрамын толық құрамда жарысқа жіберген болатын.