"Анам жол апатынан жарақат алған": Сәкен Бибосынов финалдан кейін жан тебірентерлік сөз айтты

"Анам жол апатынан жарақат алған": Сәкен Бибосынов финалдан кейін жан тебірентерлік сөз айтты

фото: Спортты дамыту дирекциясы. Суретте: Сәкен Бибосынов

Дубайда өтіп жатқан әлем чемпионатында топ жарған Сәкен Бибосынов финалдық айқастан кейін өз әсерін бөлісті, деп хабарлайды 1bol.kz.

Екі мәрте әлем чемпионы атанған боксшы жекпе-жектің оңай болмағанын жасырмады.

"Екі дүркін чемпион атандым, дегенмен финал қиын болды. Ресейлік боксшы әрі жас, әрі шыдамды екен. Бірінші және үшінші раунд тартысты болғанымен, екінші раундта айқын басым түстім. Қазақта "Біреудің тағымен талассаң да, бағымен таласа алмайсың" деген сөз бар. әлем чемпионатында бағым жанып, чемпион атанғанудың сәті түсті. Осы әлем чемпионатына дейін талай сынақ, талай жарақат болды. Кейде жеңісті тартып алғандар кездер де болды. Бүгін жоғары деңгейде өнер көрсете алмасам да, бақ мен жақта болды, Аллаға шүкір деймін", – деді Сәкен.

Чемпион ерекше қуанышын анасына арнады.

"Екі ай бұрын анам жол апатынан жарақат алған болатын, қазіргі таңда анамның жағдайы жақсы, шүкір. Бүгінгі жеңісімді анама арнаймын. Анашым, мен сізді өте жақсы көремін. Бұл жеңіс сізге арналады", – деді Бибосынов.