фото: olympic.kz. Суретте: Сәкен Бибосынов пен Хасанбой Дусматов
IBA тұжырымдамасы бойынша өтетін әлем чемпионаты бүгін, 13 желтоқсанда Дубайда өз мәресіне жетеді. Бастапқы болжамдарға қарамастан, финалда Қазақстан мен Өзбекстан боксшыларының тікелей кездесуі болмайды. Алайда турнир барысында екі ел арасындағы текетірестер болды, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Sportarena.kz тілшісі Қазақстан мен Өзбекстан боксшылары арасындағы барлық әлем чемпионатындағы жекпе-жектерге тарихи шолу жасады. Тізімде екі ел рингке шықпаған чемпионаттар көрсетілмеген.
Будапешт (Венгрия), 1997
Қазақстан мен Өзбекстан боксшыларының әлем чемпионаттарындағы алғашқы кездесуі осыдан 28 жыл бұрын өтті. Ермахан Ибраимов (71 кг) Икром Бердыевті 10:1 есебімен айқын жеңді. Ал Мұрат Қасенов (57 кг) Тулкунбай Тургуновқа 7:11 есебімен жол берді.
51 кг салмақта Болат Жұмаділов өзбек Алишер Рахимовтың жекпе-жекке шықпауына байланысты ширек финалға автоматты түрде өтті.
Бұл турнирде Қазақстан құрамасынан чемпион шықпады: Жұмаділов – қола, Ибраимов – күміс еншіледі. Өзбекстан сапынан Руслан Чагаев (91 кг) тұңғыш әлем чемпионы атанды.
Белфаст (Солтүстік Ирландия), 2001
Қызу қарсыластар арасындағы алғашқы мерзімінен бұрын аяқталған жеңіс Өзбекстанға бұйырды. Чемпион Руслан Чагаев Рустам Ргебаевты (91 кг) тоқтатып тастады.
Қазақстан – күміс, Өзбекстан – 1 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль жеңіп алды.
Бангкок (Таиланд), 2003
69 кг салмақта жартылай финалға жолдама беретін жекпе-жекте Бақтияр Артаев Шерзод Хусановқа 14:18 есебімен есе жіберді.
Бұл чемпионатта Қазақстан екі алтын жеңіп алды, өзбектер – бір күміс пен екі қоланы қанжығасына байлады.
Миньян (Қытай), 2005
Бастапқы шайқаста Миржан Рахимжанов (54 кг) Баходиржон Султоновқа 18:26 есебімен жол берді, алайда бұл турнирдің соңында қазақтар толық үстем болды.
81 кг салмақта Ердос Жаңабергенов жартылай финалда Уткирбек Хайдаровты 36:31 есебімен жеңді. Ал 64 кг салмақта Серік Сәпиев финалда Дильшод Махмудовты 39:21 есебімен айласын асырып кетті.
Қазақтар – екі чемпион шығарса, өзбектер – бір күміс пен екі қоланы иеленді.
Чикаго (АҚШ), 2007
81 кг салмақта өзбек Аббос Атоев Еркебұлан Шынәлиевті 17:8 есебімен ұтты.
Дегенмен Серік Сәпиев алғаш рет екі дүркін әлем чемпионы атанды.
Баку (Әзербайжан), 2011
81 кг жартылай финалында Әділбек Ниязымбетов Ельшод Расуловты 11:9 есебімен жеңді.
Қазақстан екі күміс, екі қола жүлде еншіледі алды, ал Өзбекстан екі қоланы қанағат тұтты.
Алматы (Қазақстан), 2013
Біржан Жақыпов (48 кг) 1/8 финалда Хасанбой Дусматовты 3:0 есебімен жеңді.
Рустам Туляганов (91 кг) Антон Пинчукты 2:1 есебімен жеңді.
Әділбек Ниязымбетов (81 кг) Ойбек Мамазулуновты 3:0 есебімен ұтты.
Қазақстан – төрт алтын, екі күміс, екі қола медальді жеңіп алса, Өзбекстан – бір күміс пен бір қоланы иеленді.
Доха (Катар), 2015
Муроджон Ахмадалиев Қайрат Ералиевті (54 кг) 3:0 есебімен жеңді. Ал Ельшод Расулов 81 кг салмақта Ниязымбетовтен 2:1 есебімен реванш алды.
- Өзбекстан – 3 күміс, 3 қола
- Қазақстан – 2 күміс
Гамбург (Германия), 2017
Бес жекпе-жек болды:
Қайрат Ералиев 3:1 Муроджон Ахмадалиев
Бектемір Меликузиев 3:2 Ерік Әлжанов
Қамшыбек Қоңқабаев 3:2 Баходир Жалолов
Шахрам Гиясов 4:1 Абылайхан Жүсіпов
Екатеринбург (Ресей), 2019
Миразизбек Мирзахалилов 4:1 Қайрат Ералиев
Бекзат Нұрдәулетов 5:0 Дильшодбек Рузметов
Баходир Жалолов 5:0 Қамшыбек Қоңқабаев
- Қазақстан – 1 алтын, 1 күміс, 4 қола
- Өзбекстан – 3 алтын, 1 күміс, 1 қола
Белград (Сербия), 2021
Сәкен Бибосынов 5:0 Хасанбой Дусматов
Теміртас Жүсіпов 5:0 Ноджиржон Мирзахмедов
Асланбек Шымбергенов 5:0 Шахрам Гиясов
Айбек Оралбай 1:4 Мадияр Саидрахимов
- Қазақстан – 2 алтын, 2 күміс, 1 қола
- Өзбекстан – 1 күміс, 1 қола
Ташкент (Өзбекстан), 2023
Алты жекпе-жек өтті:
– Санжар Тәшкенбай – жеңіс
– Махмұд Сабырхан – финалда 5:0
– Дулат Бекбауов – финалда 0:5 жеңіліп қалды
– Асланбек Шымбергенов – финалда жеңіс
– Сағындық Тоғамбай және Қамшыбек Қоңқабаев – жеңіліс
- Қазақстан – 4 алтын, 1 күміс
- Өзбекстан – командалық бірінші орын (5 алтын)
2025 жыл: екі бөлек әлем чемпионаты
IBA және World Boxing бөлек-бөлек чемпионат өткізді.
Ливерпуль (Англия), World Boxing
Қазақ-өзбек боксшылары 5 рет кездесті:
– Бейбарыс Жексен – жеңіліс
– Нұрбек Оралбай – жеңіліс
– Сағындық Тоғамбай – жеңіліс
– Ертуған Зейнуллинов – дау тудырған төрелік
– Айбек Оралбай финалда жеңіп, Қазақстан командалық есепте топ жарды
- Қазақстан – 7 алтын
- Өзбекстан – 6 алтын
Дубай (БАӘ), IBA
Үш жекпе-жек болды:
– Дәулет Төлеписов – жеңіліс
– Санатали Төлтаев – даулы шешіммен жеңіліс
– Сабыржан Аққалықов – қарсылас шықпай, финалға өтті
Қорытынды
2025 жылға дейін Қазақстан Өзбекстанды 17:16 есебімен алда келе жатқан. Қазір жағдай өзгерді – 19:22, өзбектер алда. 2026 жылы бұл статистика қалай өзгерер екен?