фото: sportinside.kz коллажы
Танымал боксшы Нұрбек Оралбай мен поп-ММА өкілі Еркебұлан Тоқтар шаршы алаңда жүздесті, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Әлеуметтік желіде тараған видеода қос спортшының спарринг жасап жатқанын көруге болады. Осы айдың соңында Еркебұлан Тоқтар Өзбекстан Ташкент қаласында жекпе-жегін өткізеді. Осы мақсатта ол қазіргі таңда қазақ боксының танымал өкілдерімен жаттығу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Еркебұлан Тоқтар жаттығуларының біріне бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының белді өкілдері, әлем чемпиондарын шақырды. Олардың қатарында Айбек Оралбай, Нұрбек Оралбай, Махмұд Сабырхан, Төрехан Сабырхан, Санжар Тәшкенбай бар.