фото: ашық дереккөзден
Актер Вячеслав Поляков өмірден өтті. Бұл ақпарат тек бір аптадан кейін ғана белгілі болды.
Ол 45 жасында онкологиялық аурудан қайтыс болған. Бұл туралы оның досы Андрей Терещенко aif.ru басылымына мәлімдеді.
"Өкінішке қарай, бұл рас. Ол қайтыс болды", – деді Терещенко.
Вячеслав Поляков 1980 жылдың 6 сәуірінде дүниеге келген. Черноморск филиалы РАТИ-ГИТИС-ті аяқтап, Б. Лавренев атындағы Қара теңіз флотының Севастополь театрында қызмет еткен.
Актерлік мансабын Поляков 2002 жылы "Мужская работа" атты жобада бастады. Барлығы 37 фильм мен сериалға түскен. Солардың ішінде ең танымалдары – "Диверсант", "Кремлевские курсанты", "Ищейка", "Великолепная пятерка".
