фото: Данияр Майлыбаев. Суретте: Абылайхан Жүсіпов
Дубайда (БАӘ) Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) ұйымдастырған әлем чемпионатының жартылай финалдық жекпе-жектері аяқталып, турнирдің барлық финалисі анықталды, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Финалистер саны бойынша абсолютті көшбасшы – Ресей құрамасы, олар алтын үшін болатын айқастарға он екі боксшы шығарады. Екінші орында Өзбекстан – оның финалда алты спортшысы өнер көрсетеді. Қазақстан құрамасы бұл көрсеткіш бойынша үшінші орынға табан тіреді – төрт қазақ боксшысы алтын медаль үшін жұдырықтасады.
Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан және Тәжікстан құрамаларында – бір-бірден финалист бар.
Еске салайық, әлем чемпионатының финалдық жекпе-жектері 13 желтоқсан, сенбі күні өтеді.