Танымал актер Рүстем Жаныаманов YouTube желісіндегі "Мамский әңгіме" подкастында қонақта болып, қыз баланың отбасыдағы рөлі, әкелік тәрбие жөнінде пікір білдірді.
"Құдайдың берген үш ұлы ғой. Енді алдғы уақытта, әрине, қыз да болғанын қалаймын. Мысалы, менің бір досымның үш қызы бар. Ол айтады: "Сенде ұлдар ғой, сен әлі әке болуды сезінбедің", – деп айтады. Сөйтіп айтады. Мен сол бақытты сезінгім келеді. Кейіннен ойлап қоямын: менде қыз болмаса, кейін үш келінім болады ғой , бұйырса. Бәрібір менің қыздарым болады. Сондықтан Аллаға сансыз шүкір деймін", – деді Рүстем Жаныаманов.