Ресейлік ІВА президенті Головкинге шұғыл үндеу жасап, ел күтпеген сөзді айтты

Ресейлік ІВА президенті Головкинге шұғыл үндеу жасап, ел күтпеген сөзді айтты

фото: olympic.kz. Суретте: Геннадий Головкин

Халықаралық бокс ассоциациясының (IBA) президенті Умар Кремлев World Boxing ұйымына, оның басшысы қазақстандық Геннадий Головкинге қаржылай қолдау көрсетуге дайын екенін айтты, деп Sportinside.kz тілшісі RT арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Мен оларға сәттілік пен дамуды тілеймін. Естуімше, оларда қаржылық қиындықтар бар, ал IBA көмектесе алады – қаржыландырып, тұрақты сұрақтардың болмауына жағдай жасауға дайын. Біз боксшыларға шектеу қойылмағанын қалаймыз. Олар World Boxing-та да, кәсіби рингте де, IBA турнирлерінде де еркін өнер көрсетсін", – деді Кремлев.

Оның айтуынша, бокста шектеу болмауы тиіс:

"Бокс – ашық спорт. Барлығына мүмкіндік берілуі керек. Мысалы, әлем чемпионатында кәсіби боксшылар да қатысып жатыр. Неге? Өйткені бокс әлемі мықтыны өзі таңдауы тиіс. Қатысушылар бәсекеде өздерін дәлелдеуі керек. Бүгінде IBA – кәсіби, әуесқой жекпе-жектер өтетін бірден-бір платформа екенін көрсетті. Мысалы, WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағы да біздің аренамызда ойналады. Біз – басты ұйымбыз", – деді ол.