фото: olamsport.com. Суретте: Тулкин Киличев
Кім провакатор, кім интригант?!
Өзбекстандық журналистер қазақ жанкүйерлеріне күйе жағып, жағымсыз қылып көрсетіп жатыр. Әңгіме, Асадхужа мен Санатәлі жекпе-жегі жайында. Сол жерге жиналған көпшілік төрешілер шешіміне наразы болды. Әсіресе, екінші раундан кейін ашуға булығып, әділетсіз екенін айтты. Көрші елдегі әріптестер сол қазыларға айтылған арызды Асадхуджаға айтты деп бұрмалап, әлеуметтік желіге жариялапты. Оны, тіпті, бас бапкері де бөлісіп қойған.
Бұл негізі екі елдің арасына от салатын фактор. Өйткені, расымен әділетсіз шешім көп. Тек қазақ балаларының ғана емес, басқа елдердің де боксшылары құрбан болып жатыр. Олардың да жанкүйерлері осылай наразылық айтып жатыр. Бірақ, оны ешкім спортшыға айтты деп, екі халық арасына іріткі тастамады. Тастауға қақы да жоқ. Өйткені, ол тікелей төрешілерге бағытталған. Осыдан бірер апта бұрын “жігіттікке жатпайтын тірлік” деген пост жаздым. Ол жерде спаррингте өзбек жігіттерінің ұрып, қазақ жігіттерінің таяқ жеген видеоларын салғанын сынағам. Сол кезде Толқын Қылышев “Аслан - провакатор әрі интригант” - деп жазған еді. Сонымен, кім провакатор, кім интригант?!
Аслан ҚАЖЕНОВ.