Өзбек боксшысы шығудан бас тартты: Сабыржан Аққалықов финалға жолдама алды

Өзбек боксшысы шығудан бас тартты: Сабыржан Аққалықов финалға жолдама алды

фото: Қазақстан бокс федерациясы. Суретте: Сабыржан Аққалықов

Дубайда өтіп жатқан IBA әлем чемпионатында қазақстандық боксшы Сабыржан Аққалықов тікелей айқассыз-ақ финалға жолдама алды, деп хабарлайды Sportinside.kz.

75 келі салмақ санатында өнер көрсететін Сабыржан жартылай финалда өзбек спортшысы Фазлиддин Эркинбоевпен кездесу керек еді. Алайда қарсыласы рингке шығудан бас тартып, нәтижесінде Аққалықов автоматты түрде финалға өтті.

Бұған дейін ширек финалда Сабыржан Израиль өкілі Мирослав Капулер-Ищенкомен жұдырықтасып, жекпе-жекті екінші раундта техникалық нокаутпен аяқтап, айқын басымдықпен жеңіске жеткен еді.

Сабыржан Аққалықов – World Boxing кубогының жеңімпазы және беделді "Странджа" турнирінің чемпионы.