фото: t.me/olimpicgames_Kazteamfan. Суретте: Абылайхан Жүсіпов
Бүгін Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында жартылай финалдық кездесулер жоспарланған, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Ұлттық құрама сапынан жартылай финалда 6 боксшы сынға түседі: Теміртас Жүсіпов (48 кг), Сәкен Бибосынов (54 кг), Оразбек Асылқұлов (57 кг), Ертуған Зейнуллинов (63,5 кг), Абылайхан Жүсіпов (71 кг) және Сабыржан Аққалықов (75 кг).
Жартылай финал жекпе-жектерінің кестесі:
17:00 – 48 кг
Теміртас Жүсіпов – Эдмонд Худоян (Ресей)
17:45 – 54 кг
Сәкен Бибосынов – Тапа Чандра Бахадур (Непал)
19:00 – 75 кг
Сабыржан Аққалықов – Фазлиддин Эркинбоев (Өзбекстан)
22:30 – 57 кг
Оразбек Асылқұлов – Андрей Пегливанян (Ресей)
23:15 – 63,5 кг
Ертуған Зейнуллинов – Илья Попов (Ресей)
23:45 – 71 кг
Абылайхан Жүсіпов – Ихтияр Нишонов (Қырғызстан)
Айта кетейік, жартылай финалда ең көп спортшысы бар команда – Ресей (13 боксшы). Одан кейін Өзбекстан (9), ал Қазақстан – 6 боксшымен үшінші орында тұр.