Допингпен ұсталды делінген Жәнібек Әлімханұлы чемпиондық атағын сақтап қалатын болды

Допингпен ұсталды делінген Жәнібек Әлімханұлы чемпиондық атағын сақтап қалатын болды

фото: Yong Teck Lim/Getty Images. Суретте: Жәнібек Әлімханұлы

Қазақ боксшысы Жәнібек Әлімханұлы допинг-сынамадағы оң нәтиже анықталғанына қарамастан, әзірге IBF нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы мәртебесін сақтап қалды, деп хабарлайды Sportinside.kz.

IBF ұйымы жариялаған жаңартылған рейтингте Жәнібек Әлімханұлының мәртебесі өзгеріссіз қалған, ол әлі де чемпион ретінде көрсетілген. Еске салайық, 7 желтоқсанда Жәнібек WBA тұжырымының чемпионы Эрисланди Ларамен белбеулерді біріктіру жекпе-жегіне шығуы тиіс еді. Алайда кездесу алдында оның допинг-тестінен мельдоний анықталып, жекпе-жек тоқтатылған болатын. Қазіргі уақытта бұл оқиға бойынша ресми тергеу жүріп жатыр.