Ресей, Өзбекстан, Қазақстан? Әлем чемпионатының жартылай финалына қай елдің боксшылары көп шықты?

Ресей, Өзбекстан, Қазақстан? Әлем чемпионатының жартылай финалына қай елдің боксшылары көп шықты?

фото: olympic.kz. Суретте: Сабыржан Аққалықов

Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында ширек финалдық жекпе-жектер аяқталып, турнирдің барлық жартылай финалистері анықталды, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Жартылай финалда ең көп өкілін шығарып отырған – Ресей құрамасы, олардың 13 боксшысы медальға таласты жалғастырады. Екінші орында Өзбекстан – 9 боксшы. Ал Қазақстан құрамасы осы көрсеткіш бойынша үшінші орында: жартылай финалға 6 боксшы жолдама алды.

Айта кетейік, жартылай финалға өткен барлық спортшы кемінде қола медальді еншіледі деп есептей беруге болады.

Қазақстан құрамасы сапынан жартылай финалға өткен боксшылар: Теміртас Жүсіпов (48 кг), Сәкен Бибосынов (54 кг), Оразбек Асылқұлов (57 кг), Ертуған Зейнуллинов (63,5 кг), Абылайхан Жүсіпов (71 кг), Сабыржан Аққалықов (75 кг).