фото: ҰОК. Суретте: Оразбек Асылқұлов
Қазақ боксшысы Оразбек Асылқұлов Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалында рингке шықты, деп хабарлайды Sportinside.kz.
57 кг салмақ дәрежесінде жартылай финалға жолдама үшін өткен кездесуде Оразбек Асылқұлов Испания боксшысы Карлос Мартинес Бернандомен күш сынасты. Үш раундтың қорытындысы бойынша қазақ боксшысы төрешілердің бір ауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетіп, IBA әлем чемпионатының кемінде қола медалін қамтамасыз етті.
Оразбек Асылқұлов – 2024 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері.
IBA ұйымдастырған әлем чемпионаты 3 желтоқсанда Дубайда басталды. Дүбірлі додаға 118 елдің боксшылары қатысып жатыр, ал жарыстың жүлде қоры – 8,32 миллион доллар.