Ұшақта төбелес шықты: Танымал блогер мен әзілкештің дауы видеоға түсіп қалды (ВИДЕО)

Ұшақта төбелес шықты: Танымал блогер мен әзілкештің дауы видеоға түсіп қалды (ВИДЕО)

фото: ашық дереккөзден

Әлеуметтік желілерде ұшақ бортында екі жолаушының төбелескен сәті түсірілген видео тез таралып, бірнеше сағаттың ішінде-ақ жүздеген мың қаралым жинады.

The Sun таратқан ақпаратқа сәйкес, оқиға Нигерияның Асаба әуежайынан ұшуы тиіс болған United Nigeria Airlines әуе компаниясының UN0523 рейсінде болған.

Видео кадрларынан салон ортасында екі адамның жұдырықтасып қалғаны анық байқалады. Интернет қолданушылары оларды танымал инфлюенсер Matins Otse (VDM – Very Dark Man) және комик Freedom Atsepoyi деп таныған.

Экипаж оқиғаға дереу араласып, екі жолаушыны да ұшақтан түсіріп, әуежай қауіпсіздік қызметінің қолына тапсырған. Осыдан кейін рейс еш өзгеріссіз жалғасты.

Ал төбелестің нақты неден басталғаны әзірге белгісіз.

Admin
Admin
Автор