Өзбектермен айқас: Бүгін қазақ боксшылары ширек финалдық кездесулерін өткізеді

Өзбектермен айқас: Бүгін қазақ боксшылары ширек финалдық кездесулерін өткізеді

фото: Тұрар Қазанғапов, ҰОК. Суретте: Хасанбой Дусматов пен Сәкен Бибосынов

Бүгін, 10 желтоқсанда Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының он бір боксшысы ширек финалда шаршы алаңға шығады, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Айта кетейік, ширек финалда жеңіске жеткен боксшылар кем дегенде қола медальді еншілейді.

Жекпе-жек кестесі (Астана уақыты бойынша):

18:15, Ринг A – 48 кг
Теміртас Жүсіпов – Лал Прасад Упрети (Непал)

18:45, Ринг B – 54 кг
Сәкен Бибосынов – Мвенго Мвале (Замбия)

19:00, Ринг B – 60 кг
Серік Теміржанов – Акмал Убайдов (Тәжікстан)

19:30, Ринг A – 67 кг
Санатәлі Төлтаев – Асадхужа Муйдинхужаев (Өзбекстан)

20:15, Ринг A – 75 кг
Сабыржан Аққалықов – Мирослав Капулер-Ищенко (Израиль)

21:15, Ринг A – 92+ кг
Нұрлан Сапарбай – Давит Чалоян (Армения)

22:15, Ринг B – 51 кг
Даниял Сәбит – Патрик Чиньемба (Замбия)

22:30, Ринг A – 57 кг
Оразбек Асылқұлов – Карлос Мартинес Бернад (Испания)

23:15, Ринг B – 63,5 кг
Ертуған Зейнуллинов – Ахмад Штиви (Израиль)

23:45, Ринг B – 71 кг
Абылайхан Жүсіпов – Сархан Алиев (Әзербайжан)