"Ішпей-жемей допинг дауына ұшырадық": Жәнібектің допинг дауы ақыры шешілді ме?

"Ішпей-жемей допинг дауына ұшырадық": Жәнібектің допинг дауы ақыры шешілді ме?

фото: instagram.com/janibek_alimkhanuly. Суретте: Жәнібек Әлімханұлы

Жәнібек Әлімханұлының допинг дауы спорт әлемін дүр сілкіндірген сәтте оның менеджері Берік Сұлтан елге үн қатып, боксшыға қолдау білдірудің маңызын атап өтті, деп хабарлайды Sportinside.kz.

"Қазанаттың жолында жазық та бар, ор да бар, Азаматтың жолында бақыт та бар, сор да бар! Бұйыртса, бұл қиындықтан да өтеміз. Бұдан да қиын кезеңнен өткенбіз! Қазір тергеулер мен зерттеулер жүріп жатыр. Бәрі бұйыртса анықталады. Біз таза спортты қолдаймыз! Сынбаймыз! Еңсені түсірмейміз! Жанкүйерлік деген тілеулестік деген көрінетін жер осы сәт. Көк ту желбірегенде бәрі тілеулес бола алады. Қиындықта қолдау ол басқа деңгей! Ішпей-жемей допинг дауына ұшырадық. Бірақ бұл қиындық та босқа берілмеді бізге. Бізді одан да мықты қылып шыңдау үшін деп сенеміз", – деп жазды ол әлеуметтік желіде.

Айта кетейік, кеше кешкісін Жәнібек Әлімханұлының қан талдауында күмәнді көрсеткіш анықталғаны туралы ақпарат барлық БАҚ-та жарияланды.