"Қара бала, таяқ жейсің": Шавкат Рахмонов өзін мазақтаған жауынгерге қарсы шықты (ФОТО)

"Қара бала, таяқ жейсің": Шавкат Рахмонов өзін мазақтаған жауынгерге қарсы шықты (ФОТО)

фото: Jeff Bottari/Zuffa LLC via Getty Images. Суретте: Шавкат Рахмонов

UFC-дің жартылай орта салмақ рейтингінің үшінші нөмірі Шавкат Рахмонов америкалық Хоакин Баклидің әлеуметтік желідегі келемеждеп шақыруына өз реакциясын білдірді, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Instagram парақшасында Хоакин Бакли Шавкатты "Өзбекстанда тығылып отыр" деп айыптап, жекпе-жекке келісімге қол қоюға шақырған. Сонымен қатар, ол қазақстандық файтерге қатысты бірнеше дөрекі және қорлайтын сөздер айтқан.

Бұл сөздерге Шавкат Рахмонов өзі пікір қалдырып, қазақ тілінде қысқа да нық жауап берді:

"Қара бала, таяқ жейсің", – деп жазды Шавкат Рахмонов.

Айта кетейік, Хоакин Бакли соңғы жекпе-жегінде Камару Усманнан маусым айында төрешілер шешімімен жеңілген болатын. Ал Шавкат Рахмонов соңғы рет 2024 жылдың желтоқсанында октагонға шығып, ирландиялық Иэн Гэрриді бір ауыздан қабылданған шешіммен жеңген еді.