фото: sportinside.kz коллажы
Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаева алдағы 50 жылдық мерейтойлық шығармашылық кешінен кейін сахнамен ресми түрде қоштасуы мүмкін екенін айтып, жұртты таңғалдырды.
Әнші бұл ойын «Abai TV» арнасындағы «Сарасөз» бағдарламасына берген сұхбатында бөлісті. Қазір ол ауқымды мерейтойлық концертіне қызу дайындалып жатыр.
«50 жылдық есеп беру концертіме дайындалып жүрмін. Осы үлкен кештен кейін, мүмкін, сахнамен ресми түрде қоштасармын. Ондай ой бар. Бірақ, әрине, үлкен концерттерге шығуға әрқашан дайынмын», – деді Роза Рымбаева.