фото: ашық дереккөзден
Танымал заңгер Мейірман Шекеев Астанада қайғылы жағдайда қаза тапқан фельдшер Ұлданаға қатысты істің шынайы себептері туралы маңызды мәлімдеме жасады.
Заңгердің айтуынша, оқиға орнын өзі аралап, куәгерлерден жауап алып, материалдарды жеке зерттегеннен кейін нақты қорытындыға келген.
"Істі бұрмалау кімге қажет болған? Бұл сұрақ бәрімізді ойландыруы керек. Оқиға орнына барып, куәлерден жауап алып, барлық деректерді жеке зерттегенімде, бір нәрсе анық болды: Ұлдананың қазасы кондиционерден болған жоқ. Шын мәнінде, оның өмірін қиған – ғимараттың қасбетінде тұрған кірпіштердің құлауынан болған. Бұл – кездейсоқтық емес. Бұл – қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы, салғырттық және жауапкершіліктен қашудың салдары. Біреулер бұл істі жауып, кінәні басқа жаққа аударуға тырысқан сияқты. Бізге жалған ақпарат емес, шындық керек. Біз үнсіз қалмаймыз. Біз Ұлдана үшін, оның отбасына әділдік орнату үшін соңына дейін барамыз. Әділдікке қол жеткіземіз. Шындықты талап етеміз. Сіщдердің қолдауларыңыз Әділет бауырымыздың әділеттікке жетуіне септігін тигізеді", – деп жазды Мейірман Шекеев.