фото: Қазақстан бокс федерациясы. Суретте: Оразбек Асылқұлов
Қазақ боксшысы Оразбек Асылқұлов Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан әлем чемпионатында жарқын жеңіске қол жеткізді, деп хабарлайды Sportinside.kz.
57 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі 1/8 финалдық жекпе-жекте Оразбек Асылқұлов Эсватини елінің өкілі Мукело Дламинмен шаршы алаңда жолықты. Жекпе-жек небәрі 22 секундқа созылды: Оразбек қарсыласын сол қолмен ұрып, нокаутқа түсірді.
Бұл жеңіс Оразбек Асылқұловқа ширек финалға жолдама сыйлады, ал оның қарсыласы турнирді осы кезеңде аяқтады. Әлем чемпионаты 13 желтоқсанда мәресіне жетеді.